Бұл маман түрлі көлікті басқарады: кәдімгі автомобильден бастап нақты тапсырманы орындауға қажет мамандандырылған машиналарға дейін.
Автомобиль жүргізушісі
Ірі металлургия компанияның жұмысы – кен өндіру және дайын өнімді балқыту ғана емес, бір минутқа да толастамайтын адам мен түрлі жүкті тасымалдау. Шикізатты кеніштен байыту фабрикасына немесе заводқа жеткізу, дайын өнімді тапсырыс берушіге жіберу, істен шыққан жабдыққа уақытында бөлшектерін әкелу — осының бәрін автомобильсіз жасау мүмкін емес. Сондықтан «Казцинкте» ұқыпты әрі жауапты жүргізуші жақсы шахтер немесе металлург сияқты бағаланады.
Жүргізуші не істей алуға тиіс:
- автомобильді жол жүрісі қағидаларын сақтап басқару;
- машинаны күтіп ұстау, техникалық жай-күйін тексеру;
- жолпарақтар мен жүк жеткізу туралы құжаттарды толтыру.
Тиегіш жүргізушісі
Тиегіштің жүргізушісі қоймалар мен өндірістікалаңдарда жүкті жақын аралыққа апаруға, көтеруге арналған арнайытехниканы басқарады. Тиегіш машинаның типіне қарай бұл мамантүрлі кәсібидағдыларды қажет етеді,бірақ барлықжүргізушілер үшін қозғалыстыжақсы үйлестіру, қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтау жәнеұсақ-түйекке мұқияттылық маңызды.
Тиегіш жүргізуші не істей алуға тиіс:
- тиегіш машиналарды басқару;
- түрлі жүкті тиеу, тасу және түсіру;
- техникалық қызмет көрсету және қажет жағдайда жөндеу;
- тиегіш машиналардың жұмыс қағидаттарын ұғу.
Экскаватор машинисі
Бұл маман өлшемі, қуаты, функционалдық мүмкіндігі жағынан әр түрлі болуы мүмкін жер қазатын машиналарды басқарады. Техника қаншалықты күрделі болса, оны басқаратын жүргізуші куәлігі санатының соншалықты жоғары болуы талап етіледі.
Экскаватор машинисінің жұмысы тұрғын және өндірістік ғимараттар салуда, жол төсеуде, пайдалы қазба карьерлерін қазуда маңызды.
Негізінен машинистер жер қазумен айналысады, бірақ жобаға байланысты олар жүк тиеуге, түсіруге немесе өнеркәсіптік алаңда материал тасуға қатысуы мүмкін.
Экскаватор машинисі не істей алуға тиіс:
- экскаваторды басқару;
- топырақ, тас, құм және басқа топырақ түрлерін қазып, тасу;
- түрлі жүктерді көтеру, тасу;
- машинаға қызмет көрсету;
- қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтау.
Тиеп-жеткізгіш машина машинисі
Бұл маман шахталарда кен массасын немесе кенді тиеп, тасымалдау техникасын басқарады. Ол өндірілген кенді вагондарға немесе автотүсіргіштерге тиейді, содан кейін ол жер бетіне көтеріледі.
Кенорындарын толтырмалау жұмыстарына дайындауға да машинист қатысады. Пайдалы қазбалары өндірілген соң жерде бос кеңістіктер пайда болады, үстінде жатқан топырақ қабаты өз салмағымен оларға опырылып түсуі мүмкін. Бұған жол бермес үшін қазымдалған кеңістік арнайы толтырма материалдарымен толтырылады.
Тиеп-жеткізгіш машина машинисі не істей алуға тиіс:
- Тиеп-жеткізгіш машинаны басқару;
- кенқұдыққа, вагонға және автотүсіргішке кен тиеу;
- кен қазындыларының төбесі мен бекітпелерінің жай-күйін қадағалау; ;
- техниканы жарамды күйде ұстау.
Краншы
Өндірісте аса ауыр жүктерді көтеру және жылжыту үшін арнайы техника — кран қолданылады. Олардың түрлері: мұнара, көпірлі немесе жүк көлігінің шассиіне орнатылған болады. Олардың әрқайсысын басқару үшін мастер – краншы қажет.
Зейіні жақсы, дәл орындау және қозғалысты жақсы үйлестіру —кез келген краншыға қажет ең маңызды қасиеттер мен дағдылардың бірі. Сонымен қатар бұл жұмысшы механизмдердің жұмыс істеу қағидаттарын білу керек.
Краншы не істей алуға тиіс:
- кранды басқару;
- жүктерді көтеру және тасу;
- қауіпсіздік қағидаларын сақтау және апаттар мен жарақаттардың алдын алатын сақтық шараларын қолдану.