Геолог ғаламшарымыздың жер қойнауын зерттеп, пайдалы қазбалардың кенорындарын іздейді. Жаңа кенорындарының, кәсіпорындардың ғана емес, тіпті бүкіл жұмысшылар кенті мен қалалардың пайда болуы оның жұмысына байланысты.
Бірде-бір өндіруші немесе металлургия компаниясын геологсіз елестету мүмкін емес. Ол – пайдалы қазба кенорындарын іздеумен айналысатын, кенорындарының қорын бағалайтын аса маңызды маман.
Геолог мамандығын өте қызықты әрі романтикалық мамандық деп жатады: үнемі іссапарға шығау, жаңа жерде жұмыс істеу. Бірақ оны меңгеремін деп шешкен адам қиындықтарға дайын болуға тиіс: көбінесе өркениеттен алыс, аса жайлы емес жағдайда өмір сүруге тура келеді, ауыр жабдықтарды көтеріп тауға өрмелеуге күш-қайрат пен төзімділік қажет.
Геолог физика мен химияны, биология мен экология негіздерін, геодезия мен топографияны білу керек. Ұсақ-түйекке мұқияттылық, қисынды ойлау, ақыл-ойдың талдауға бейімдігі мамандықта жетістікке жетуге көмектеседі.
Геолог не істей алуға тиіс:
- геологиялық түсірілім және іздестіру жұмыстарын жүргізу;
- пайдалы қазбаларды өндіру мен өңдеудің геологиялық картасын жасау;
- геодезиялық есептеу жүргізу;
- геологиялық зерттеулер жүргізу;
- бұрғылау жұмыстарын жүргізу технологияларын білу;
- табылған кенорындарын бағалау;
- күрделі аппаратурамен және зертханалық аспаптармен жұмыс істеу.