Зертханашы

Бұл маман зертханалық зерттеулермен айналысады: сынақ пен эксперимент жасайды, алынған нәтижені талдайды, есептік құжаттама жүргізеді.  

Зертханашы мамандығы асығыстықты қаламайтын, бірақ тәртіпті бағалайтын, жүйелі  ойлайтын, талдауға бейім және қағазбастылықтан қорықпайтын адамдарға лайық. 

Маман өзіне біршама қызықты және біліктілігіне сәйкес келетін саланы таңдай алады. «Казцинк» сияқты металлургия компанияларында кейбір зертханашылар өнеркәсіптік кәсіпорындардың ауаға, топыраққа, суға әсерін зерттейді, сондай-ақ экологиялық нормалар мен стандарттардың сақталуын бақылайды. Компания қызметкерлерінің денсаулығына қамқорлық жасай отырып, олар жұмыс аймағы ауасындағы зиянды заттектерді өлшейді, зиянды физикалық факторлардың жұмыскер ағзасына қалай әсер ететінін анықтайды.

Басқа мамандар металдар мен қорытпаларға олардың сапасы мен қасиеттерін зерттей отырып талдау жүргізеді. Кен мен байыту өнімдерін талдау жасап,  байыту үдерісін реттеуге көмектеседі.

Бұл жұмыс мұқияттылықты, табандылық пен шыдамдылықты талап етеді. Көбінесе бұл бірсарынды болып келеді, себебі сапалы зерттеу жүргізу үшін бірдей сараптамаларды бірнеше рет жасауға тура келеді.

Зертханашы не істей алуға тиіс:   

  • үлгілерді дұрыс алып, оларды талдауға дайындау;
  • түрлі аспаптармен және жабдықтармен жұмыс істеу;
  • алынған нәтижелерді тіркеу және оларды талдау;
  • қауіпсіздік техникасын сақтау.

Этот сайт защищён reCAPTCHA и Google
Политикой конфиденциальности и Условиями использования.