Кенші

Бұл маман кен өнеркәсібінде жерасты әдісімен пайдалы қазба өндіреді. Ол кен жұмысшысы немесе кенинженері болуы мүмкін. Кенші шахта жобалайды, салады, пайдалы қазбаларды өндіреді, сонымен қатар істен шыққан кен-шахта жабдығын жөндей алады.

Үңгілеуші

Үңгілеуші – басқа кеншілерге Жер қойнауындағы  пайдалы қазбаларға апаратын жол салатын маман. Бұндай жұмыс бұрғылау қондырғыларында жұмыс істеуді талап етеді.

Үңгілеушіге математика, физика, химия бойынша негізгі білім қажет. Ол көлденең, тік және көлбеу қазындылар қалай салынатынын, олардың қалай бекітілетінін және жару жұмыстары қалай жүргізілетінін де білу керек.

Үңгілеуші не істей алуға тиіс: 

  • шахта тоннелін, штольнясы мен оқпанын салу; 
  • бұрғылау машиналарымен жұмыс істеу; 
  • бұрғылау мен жару жұмыстарын жүргізу; 
  • кен қазындыларының қабырғасы мен төбесін бекіту; 
  • жабдық жөндеу; 
  • командада жұмыс істеу. 

Бекітуші

Бекітушінің негізгі міндеті – шахталарда кен жыныстарының опырылуы мен құлауына бермеу. Бұл өте маңызды және жауапты жұмыс, өйткені кез келген штаттан тыс  жағдай адам өліміне әкелуі мүмкін.

Кен қазындыларында бекітуші құлаудың алдын алатын металл немесе бетон конструкциялар орнатады. Жұмысшы бұл құрылымдардың техникалық жай-күйінің жақсы болуын қадағалап, қажет болса, оларды жөндейді. Бекітуші қауіпсіздік техникасын жақсы түсінуі керек, ол төзімді болу керек, жарық жетіспейтін  шектеулі кеңістікте жұмыс істей алу керек. 

Бекітуші не істей алуға тиіс: 

  • құлаудың алдын алу үшін шахталарға бекітетін конструкциялар орнату;
  • өздігінен жүретін машиналармен жұмыс істеу;
  • мамандандырылған машиналардың көмегімен кен қазындылары төбесіндегі іліктасты, беткейлерді механикаландырылған бөлшектеу;
  • бекітудің жай-күйін тексеру және оларға қызмет көрсету, қажет болған жағдайда жөндеу немесе ауыстыру;
  • техникалық сызбаларды оқу, түсіну;
  • қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау;
  • командада жұмыс істеу.

Бұрғылаушы

Бұрғылаушы шахтаны басқа кеншілерүшін қауіпсізәрі жұмыс істеуге жарамды күйде ұстайды. Ол арнайы машиналардың көмегімен дренаждықжәне желдететінұңғымалар жасайды, соның арқасында тоннельдердесу жиналмайды, әрдайым таза ауа болады.

Бұл мамандар жару жұмыстарына да қатысады. Олар кен  жыныстарында үңғыма бұрғылайды, содан кейін оларға жарылғыш заттектер салынады. Жұмыскерлер барлай бұрғылау кезіндеүлкен тереңдіктенкен жыныстары үлгілерін алуға да көмектеседі,сондықтан бұл кәсіптіңөкілдерінсіз пайдалы қазбакенорындарын барлау мүмкін емес.

Бұрғылаушы не істей алуға тиіс: 

  • бұрғылау қондырғылары мен механизмдерін басқару және техникалық қызмет көрсету, бұрғытәжді ауыстыру; 
  • бұрғылау параметрлерін қадағалау: ұңғыманың тереңдігі, бұрғылау жылдамдығы және қысым;
  • қауіпсіздік қағидаларын сақтау;
  • жыныстың типі мен оның әр түрлі тереңдіктегі сипатын анықтау;
  • командада жұмыс істеу.

Жарушы

Жарушының  негізгі міндеті – тау жыныстарыныңқалың қабатын жарып өтіп, кеншілерге бағалы металдардың кенорындарына  жол ашу.  Жарылғышзаттектермен  жұмыс істеу өтежауапты ғана емес, сонымен бірге өте қауіпті, сондықтанмаман қауіпсіздікқағидаларын қатаң сақтап, стресс жағдайының өзінде сасқалақтамауға тиіс. Жарылыс қажет күште, қажет бағытта болу үшін жұмыскер  қанша жарылғыш заттекті, қандайтереңдікке қою керектігін есептеуге тиіс.  Міне сондықтан талдай білу –  осы  маманға  міндетті түрде қажет кәсіби дағдылардың бірі.Оған физикажәне химиясаласындағы білім де қажет.

Жарушы не істей алуға тиіс: 

  • жарылыс желісін монтаждау, кенқазындылары мен кен қопару аймағында жарылыс жұмыстарынжүргізу; 
  • жарылыс жұмыстарын жүргізу құжаттамасымен жұмыс істеу; 
  • шахталарда кен жыныстары мен қатып қалған жыныстарды уату;  
  • зарядттарды орналастыруды есептеу жәнеадамдар зардап шекпес үшін кен жыныстарының ұшу траекториясын жобалау; 
  • Жабдықтың дұрыстығын тексеру.

Этот сайт защищён reCAPTCHA и Google
Политикой конфиденциальности и Условиями использования.