Байытушы

Бұл кәсіпқой фабрикада жұмыс істейді, кенді өңдеумен және байытумен айналысады. Оның арқасында кен жыныстарынан қажетсіз қоспалар алынып, құрамындағы пайдалы компоненттер артады.

Флотатор

«Казцинк» кәсіпорындарында қолданылатын кен байыту әдістерінің бірі флотация деп аталады. Ұсақталған кен  жынысына су немесе тұздардың ерітіндісі қосылып, алынған қоспаны көпіртеді. Нашар суланатын минералды бөлшектер ауа көпіршіктеріне жабысып, бетіне қалқып шығады, ал бос жыныс шөгеді. 

Көбікпен қалқып шыққан құнды компоненттер бетінен алынады. Флотация қондырғыларына қызмет көрсететін және олардың жұмысын бақылайтын жұмысшы флотатор деп аталады. Ол химия негіздерін біліп қана қоймай, техникалық дағдыларды да игеруге тиіс,  өйткені флотатор жабдыққа қызмет көрсетіп, оның жұмысындағы ақауларды жояды. 

Флотатор не істей алуға тиіс: 

  • арнайы реагенттер мен жабдық  қолданып флотация үдерісін басқару
  • құнды минералдарды қажетсіз қоспалар мен қалдықтан ажырату;
  • соңғы өнім сапасының талаптар мен стандарттарға сай болуын бақылау;
  • флотациялық жабдықты реттеу, техникалық қызмет көрсету.

Диірмен машинисі 

Кен жыныстарынан бағалы минералдар алу үшін кеннің үлкен кесектерін ұсақтау керек. Ол үшін «Казцинкте»  арнайы минерал диірмендері қолданылады. Осы жабдықтың жұмысын қадағалап, оның жай-күйін бақылайтын, ұсақ ақауларды анықтап, жоятын жұмысшы диірмен машинисі деп аталады. Алынған өнімнің өлшемі мен сапасы өндірістік стандарттарға  сай келуін де сол қадағалайды. Ұнтақталған кен құнды минералдарды бос жыныстардан ажырату үшін флотацияға жіберіледі.

Диірмен машинисі не істей алуға тиіс: 

  • қажетті өлшем мен сападағы  ұнтақталғанөнім алу үшін диірмен жабдығын бабына келтіру; 
  • жабдықты іске қосу және тоқтату, оның жұмысынбақылау; 
  • диірмен параметрлерін реттеу: айналу жылдамдығы, ұсақтаууақыты; 
  • жабдыққа қызмет көрсету, оның жұмысындағы ұсақақауларды жою.

Реагент ерітуші

Жұмысшы химиялық реагенттерден ерітінді дайындайды, олар байыту цехтарында қолданылады. Ерітінділердің құрамы мен концентрациясы технологиялық үдеріс талаптарына қатаң түрде сай келуге тиіс, сондықтан математика, химия, физиканы білмесе, мамандандырылған жабдықта (диірмендер, гидроциклондар, конвейерлер және т.б.) жұмыс істей алмаса, бұл жұмысшының жұмысы жүрмейді. 

Реагент  ерітуші – «Казцинктің» барлық байыту фабрикалары үшін маңызды маман.

Реагент ерітуші не істей алуға тиіс: 

  • реагенттің қажет концентрациядағы ерітінділерін дайындау;
  • жабдықтың жай-күйін тексеріп, оның жұмысының бұзылуын анықтау;
  • желдету жүйелерінің жұмысын қарау; 
  • химиялық реагенттерді қабылдаудың, шығысы мен сақталуының есебін жүргізу;
  • шығын резервуарлардағы ерімейтін шөгінділерді тазалау.

Уатушы 

Уатушы кен жыныстарын қажетті  өлшемге - фракцияға дейін ұсақтауға арналған арнайы жабдықты басқарады. Уатудың арқасында материалдар ұсақ бөліктерге бөлінеді, содан кейін олар байытудың келесі кезеңдерінде қолданылады.

Уатушысыз «Казцинктің» бірде-бір байыту фабрикасының жұмысы жүрмейді. 

Уатушы не істей алуға тиіс:   

  • жабдықты іске қосу, тоқтату;
  • арнайы агрегаттарда жыныстарды уату; 
  • материалды уату қондырғысына салу;
  • үдерістің барлық кезеңдерінде уату сапасын бағалау;
  • жабдыққа қызмет көрсету, ұсақ ақауларды жоюға қатысу;
  • қауіпсіздік қағидаларын сақтау. 

Этот сайт защищён reCAPTCHA и Google
Политикой конфиденциальности и Условиями использования.