Энергетик

Энергетика саласының қызметкері. Ол электр желілерін жобалайды, орнатады, жұмысты және электр аспаптарын бақылайды, қажет жағдайда оларды жөндейді. Энергетиктің білім деңгейі мен біліктілігі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым күрделі жұмыс атқара алады.

Электрмонтер

Электрмонтердің негізгі міндеті — электржабдықтар мен қондырғыларды барынша ұзақ және тиімді жұмыс істейтіндей реттеу. Бұл маман істен шыққан аспапты жөндей алады, өртенген сымдарды немесе ақаулы бөлшектерді ауыстыра алады. Сонымен қатар электрмонтер электр жүйелерімен жұмыс істеуді компанияның басқа қызметкерлері үшін қауіпсіз етеді. Ол жерге тұйықталудың дұрыстығын тексереді және қосылыстардың қауіпсіздік стандарттарына сай келуін қамтамасыз етеді. Электр қуатымен жұмыс істеу — бұл үнемі қауіп-қатерде болу, сондықтан мастер үшін қауіпсіздік техникасын сақтау және стресске жақсы төзімділік өте маңызды. Ол сонымен қатар физика, химия, энергетика, электроника, электр желілерінің құрылымы мен тәсімдерін жақсы білуге тиіс.

Электрмонтер — сұранысқа ие маман, себебі өнеркәсіптік жабдықтар мен құралдардың көпшілігі электр қуатымен жұмыс істейді.

Электрмонтер не істей алуға тиіс:

  • арнайы құралдармен және аспаптармен жұмыс істеу; 
  • істен шыққан электржабдықтарды жөндеу, апаттарды жою; 
  • электр желілерін монтаждау және жөндеу; 
  • электржабдықтарды жоспарлы және кезектен тыс тексеру.

Гидроагрегат машинисі

Гидроагрегаттар — бұл генератор мен гидротурбинаны біріктіретін қондырғылар. Олардың көмегімен су электр стансаларында, оның ішінде Бұқтырма су электр стансасында электр энергиясы өндіріледі. Механизмдердің сенімді және үнемді жұмысын гидроагрегаттар машинисі бақылайды. Ол қондырғының жай-күйі мен жарамдылығын тексереді, қажетті диагностика жүргізеді.

Күштік машиналармен жұмыс істеу маманның сақтық шараларын қатаң сақтауын және қауіпсіздікті техникасын бұзбауын, гидравлика, электртехника және механика негіздерін білуге тиіс дегенді білдіреді.

Гидроагрегаттар машинисі не істей алуға тиіс:

  • қондырғыны іске қосу және тоқтату; 
  • аспаптардың көрсеткіштерін, жылдамдық реттегіштерінің жұмысын бақылау; 
  • жабдықтың жұмысындағы ақауларды айқындау; 
  • апаттық жағдайларды жою.

Этот сайт защищён reCAPTCHA и Google
Политикой конфиденциальности и Условиями использования.