Бұл маман минералды шикізатты металға қалай айналдыруды біледі. Ол материалдың сипатын арттыратын қорытпалар жасаумен айналысады және түрлі тәсілмен металдан өнім жасауды біледі.
Балқытушы
Балқытушы – металлургиядағы маңызды мамандықтардың бірі. Бұл маман бүкіл өндірістік циклге жауап береді: балқыту пешін жұмысқа дайындайды, шикізат қоспасының дайындалуын қадағалайды, температуралық режимді сақтайды, ақыр соңында дайын металл алады. Берілген қасиеттері бар қорытпа өндіру үшін балқытушыға физика мен химияны жақсы білу қажет.
Қауіптілігі жоғары жағдайларда күрделі жабдықта жұмыс істеу мастердің ұсақ-түйектерге мұқият болуын, қауіпсіздік техникасын қатаң сақтауын, тез шешім қабылдауын талап етеді.
Балқытушы не істей алуға тиіс:
- балқыту жабдығын жұмысқа дайындау;
- балқыту үдерісі мен температураны бақылау;
- металдың қажетті химиялық құрамын сақтау;
- балқытылған металды құйып, оны балқытқаннан кейін өңдеу;
- негізгі және қосалқы жабдыққа қызмет көрсету;
- қауіпсіздік техникасын сақтау;
- командада жұмыс істеу.
Аппаратшы-гидрометаллург
Бұл маманқышқылдар мен сілтілердіңкөмегімен кеннен, концентраттардан, өндірістік ерітінділерденнемесе өндірістік қалдықтардан металл алады. Бұл әдісметалды балқыту пештеріндеалуға қарағандаэкологиялық таза. Гидрометаллургхимияны, металлургияны, материалдарды өңдеу үдерістерін жақсы білуге тиіс, мамандандырылған қондырғыларда жұмыс істей алу керек.
Аппаратшы-гидрометаллург не істей алуға тиіс:
- кеннен немесебасқа материалдарданметалл айыру үдерісін басқару;
- химиялық реагенттерменжұмыс істеу;
- аспаптар менавтоматиканың көмегімен үдеріс параметрлерін қадағалау: температура, қысым, концентрация,рН деңгейіжәне басқатехнологиялық параметрлер;
- жабдықты тексеріп, жұмыс істейтін күйде сақтау;
- қауіпсіздік техникасын, экологиялық нормалар мен стандарттарды сақтау;
- жұмыс тиімділігінарттыру үшін деректердіталдау;
- командада жұмыс істеу.
Сулы ерітінділердің электролизшісі
Электролиз – сулы ерітінділерден таза металлалу тәсілі.Заттек ерітілген сұйықтыққаекі электродбатырылады (бұл – металлнемесе графит тақташалар болуы мүмкін), содан кейінтұрақты электр тогы беріледі. Физика-химиялықреакция нәтижесінде электродтардың бірі – катодқа – ерітіндідегі металл шөгеді, соданкейін оны катодсыдырғыш машиналармен жинап алады. Осы өндірістік үдерістің барлығын химияны, электротехника мен өндіріс технологиясын жақсы білуге тиіс маман сулы ерітінділердің электролизшісі басқарады.
Сулы ерітінділердің электролизшісі не істей алуға тиіс:
- электролит ерітінділерін дайындау;
- анод және катод тақташаларын ваннаға салуды басқару;
- электролиз қондырғысының катодты тізбегіне ток берілуін қадағалау;
- электролит параметрлерін дұрыс сақтау: температура, концентрация және қышқылдық;
- металл тақташалар мен катод негіздерін жуу;
- қысқа тұйықталуды жою;
- қауіпсіздік техникасын сақтау;
- жабдыққа техникалық қызмет көрсету, жөндеу.
Катодшы
Бұл жұмысшы электролиз әдісімен тазартып түсті металл алуға қолданылатын катод негіздерін — тақташаларды дайындайды.
Негіз келесідей өндіреді: титан немесе тот баспайтын болаттан жасалған табақшалар арнайы матрицалық ванналарға салынады, электр тогының әсерінен оларға мыстың жұқа қабаты шөгеді. Бұл үдерісті бақылау үшін катодшы химия, физика, электротехниканы білу керек. Маманның біліктілігі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым ол күрделі жұмысты орындай алады, катод негіздері сапалы болады.
Катодшы не істей алуға тиіс:
- катод негіздерін өндіруге матрицалар дайындау;
- электролиз ванналары мен басқа да қосалқы жабдықтарға қызмет көрсету;
- реагент мөлшерлеу;
- электролит құрамы мен ток тығыздығын қадағалау;
- қысқа тұйықталуды анықта, жою;
- катодты металды түсіріп алу;
- қауіпсіздік техникасын сақтау;
- сортировать и отбраковывать катодные основы.
Вельц-пеш пешшісі
Вельц-пеші – сульфидті кенді күйдіруге арналған жабдық. Ол өз өсінің айналасында айналатын 2-3 градусқа сәл көлбеу құбырға ұқсайды. Оның wälzen деген неміс тілінен аударғандағы «домалату» немесе «аунату» атауы осыдан шыққан. Пешке салынған шихта шамамен 1300°C дейін қызады да, одан қорғасын мен мырыш сияқты бағалы металдар бөлінеді. Бұл өндірістік үдерісті вельц-пештің мамандандырылған жұмысшысы – пешші басқарады. Ол күйдіру технологиясын біліп, қажетті температураны сақтап тұру керек.
Пешші не істей алуға тиіс:
- күйдіру үдерісін басқару;
- пешке шихтаны тиеу;
- дайын өнім мен қожды түсіру;
- пешті тазалау, жөндеу;
- командада жұмыс істеу;
- қауіпсіздік техникасын сақтау.